Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызметкерлер мінген автобус жер астына түсіп кеткен: Сот "Майқайың-алтынды" тікелей кінәлі деп таныды

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында төрт тау-кен құтқарушысы қаза тапқан кеніш "Майқайыңалтын" АҚ-ға байланысты сот процессі аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұған дейін компания қайғылы жағдайд жазатайым оқиға деп тергеу актісіндегі бірнеше тармақты алып тастауды өтінген. Алайда 24 қаңтарында комиссия тау-кен құтқарушылары жүріп өткен технологиялық жолдың құлауына кәсіпорынның жүз пайыз кінәсі бар екенін көрсетті.

Дегенмен компания автобустың құлаған сәтін жазатайым сәт деп, оның артынан келе жатқан көліктің тоқтап үлгергенін мысал етті.

"Бұл кезде негізі жазатайым оқиғадан құтылу мүмкіндігі болған деп ойлауға негіз бар. Өйткені құтқарушылар келгенге дейін  жер опырылған. Ал жүргізуші туындаған қауіпті алдын алып тоқтаса болар еді", - делінген сот хабарламасында. 

Бұл процесте "Майқайыңалтын" АҚ өкілдері қаза тапқан құтқарушылардың іс-әрекеттерінің дұрыстығына және жалпы олардың шақыруға шығуына күмән келтірді. Сол себептен ауысымға кірер алдында олардың медициналық куәландырудан өткенін анықтауға тырысты. Алайда сот бұл дәлелдерді назарға алмай "Майқайың алтын" АҚ-ның талабынан бас тартты.

"Сот тау - кен массасының пайдаланылған кеңістікке құлауы салдарынан топтық жазатайым оқиғаның болғанын анықтады. Оның негізгі себептері талапкердің жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастырып, блоктарды пысықтау кезінде қазбалардан құлау процесін тиісінше бақыламауынан. Сондай-ақ кенді пысықтау кезінде қазба блоктарына арналған жобалар әзірленбеген", - деп түсіндірді сот.



Сонымен қатар сот жазатайым оқиға жұмыс уақытында қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алғанын алға тартты.

"Майқайыңалтын" АҚ жауапты тұлғаларының әрекетсіздігінен туындаған жазатайым оқиғаның себептерін негізге ала отырып, талапкердің кінәсі жүз пайызға танылды. Сот тергеу актісін заңды және негізделген деп санайды. Осыған байланысты сот еңбек комитеті мен ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткені туралы жазған едік. Екі адамның денесі табылды. Кейіннен жердің опырылу қаупіне байланысты іздеу тоқтатылды.

Талқылау